Ә. Молдағұлова атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде егемендігіміздің ұлық мерекесі — Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мектептің аға тәлімгері Г. Тулеуованың ұйымдастыруымен өткен бұл шара өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятуды мақсат етті.
Мерекелік іс-шараның ең маңызды сәті — мектеп оқушыларын бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі болды. Шара барысында мектептің белсенді де зерек 2-сынып оқушылары «Жас Қыран» тобына, ал еңбекқор әрі үлгілі 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» ұйымының қатарына ресми түрде қабылданды. Ерекше отансүйгіштік рухта өткен қабылдау рәсімінде балаларға аталмыш ұйымдарға мүше болудың үлкен мәртебе екендігі, сонымен қатар оның арқалайтын маңызы мен жауапкершілігі тереңнен түсіндірілді.
