2.Тапсырыс (өтініш) беруші (Заказчик)(заявитель) "Асель" Өндiрiстiк кооперативi, БСН 940340000223, Түркістан облысы, Төле би ауданы, Леңгір қаласы, Қ.Дуйсемұратұлы көшесі, №116А, Басшысы: Арыстанбекова Сайлау Абдукаримовна +77017163564
"Асель" Өндiрiстiк кооперативi "А.Молдағұлова» атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің асханасын 14.09.2023 жылғы №433 жалға алу туралы келісім шарты бойынша жалға алған. Асхана мектеп ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан. Асханада функционалдық байланысы жоқ объекті орналаспаған. Осы уақытқа дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алмаған. Асхана жалпы - 3 бөлмелермен қамтылған.Олар: 1-ші ас ішетін орын -62,5 ш.м. Бөлменің төбелері, қабырғалары мен едендері ақауларсыз және зең саңырауқұлақтарымен зақымдану белгілерінсіз. едені кафельден жасалған беттері тегіс, дезинфекциялық жууға төзімді, қабырғалары 1,5 метр биіктікте жууға арналған кафельден жасалған. Асханаға кіре берісте балалардың қолдарын жууға арналған 2 раковина орналасқан. Ыстық су үшін аристон су қыздырғышы орнатылған, ыстық су тұрақты үздіксіз беріледі. Ауыз су және ыстық су жүйелері ақаусыз. Жеке бас гигиенасын сақтау үшін қол жууға арналған сұйық сабын, антисептикалық құралдармен, қол сүртуге бір реттік қағаз сулықтармен жеткілікті қамтамасыз етілген. Жарығы электр лампасы, плафонмен жабылған. Желдету жүйелерінің санитариялық-техникалық жағдайы қанағаттанарлық. Асхананың жобалық қуаты 34 орынға арналған, екі ауысымда жұмыс атқарады. Асханада 8 стол және 34 орындық қойылған. 2-ші бөлме ас блогы - 20,1 ш.м. Бөлменің төбелері, қабырғалары мен едендері ақауларсыз және зең саңырауқұлақтарымен зақымдану белгілерінсіз, едені кафельден жасалған беттері тегіс, дезинфекциялық жууға төзімді, қабырғалары 1,5 метр биіктікте жууға арналған адам өміріне қауіпсіз материалмен (майлы сырмен) сырланған. Жарығы электр лампасы, плафонмен жабылған. Сыртқа сорыпшығару желдеткішімен қамтамасыз етілген. Жылу және ылғал бөлу көздері болып табылатын жабдықтардың үстінде сыртқа тарту шатырлары орнатылған. Желдету жүйелерінің санитариялық-техникалық жағдайы қанағаттанарлық. Ас блогында аспаптардан электірлі 4- камфорлы пеш, микротолқынды пеш, электірлі титан орнатылған. Ш икі және дайын тамақ өнімдерін бөлек өңдеуге арналған, тамақ өнімдерімен жанасуға арналған, жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді жабыны бар 3 бөлшектеу үстелдері орнатылған және мақсатына қарай таңбаланған. Тез бұзылатын тағамдарды және шикізаттарды сақтауға арналған тұрмыстық 1 тоңазытқыш бар. Ыдыс жууға арналған екі секциялы раковина, ыдыстардың суын кептіретін тор, 2- стеллаждар 1- үстел, ыстық су құрылғысы «Аристон» орналасқан. Ыдыстардың майын кетіретін және залалсыздандыру заттарымен қамтамасыз етілген, барлық қондырғылар жұмыс жағдайында. 3-ші қойма - 17,0 ш.м. Бұл бөлменің едені кафельден жасалған беттері тегіс, дезинфекциялық жууға төзімді, қабырғалары 1,5 метр биіктікте жууға арналған адам өміріне қауіпсіз материалмен (майлы сырмен) сырланған. Жарығы электр лампасы, плафонмен жабылған. Сыртқа сорыпшығару желдеткішімен қамтамасыз етілген. Желдету жүйелерінің санитариялық-техникалық жағдайы қанағаттанарлық. Сусымалы өнімдерді, құрғақ өнімдерді сақтайтын арнайы 1- шкаф, ет өнімдері сақтайтын арнайы 1- мұздатқыш бар, барлығы жұмыс істейді. Ұн биіктігі - 15 см болатын тауар астына төсейтін төсеніштерде (подтоварникте) сақталуда. Ұнды елейтін елекпен, ұнды қаптан салып алатын қалқа қамтамасыз етілген. Көкөністер стеллаждарда, арнайы жәшіктерде сақталуда және температуралық жағдайлары сақталған. Асхана қызметкеріне арналған киім ауыстыруға жағдай жасалған, арнайы киімдер үшін шкаф орнатылған. Асхана қызметкері мектеп дәретханасын қолданады. Асхана үй-жайларының төбелері, қабырғалары мен едендері ақауларсыз және зең саңырауқұлақтарымен зақымдану белгілерінсіз. Асхана есіктерінің беттері тегіс, және ылғалды сіңірмейтін, жуылатын материалдардан көзделген. Асхана еденінің беті сырғымайтын материалдардан, тегіс, су ағынын қамтамасыз ете отырып, жинауға ыңғайлы болып көзделген. Тамақтану объектісінің жабдығы, мүкәммалары, ыдысы жиналады (өңделеді), таза, жарамды күйде ұсталған. Асханада барлық ыдыстармен толық қамтамассыз етілген және шыны, фарфор ыдыстар жеткілікті мөлшерде (кесе, тарелка, пиала) жарықтары, сынықтары, жиектері сынған, пішіні бұзылған ыдыстар жоқ және бір рет пайдаланылатын ыдыс-аяқ пен бір рет пайдаланылатын асхана аспаптары қолданылмайды. Қойма үй-жайлары жеңіл жуылатын және дезинфекцияланатын металлдан, ағаштан, пластмассадан жасалған сөрелермен, үстелдермен, тауар қойғыштармен жабдықталған. Азық-түлік (тамақ) шикізатын және дайын тамақ өнімдерін (ет, құс еті, балық, көкөніс, нан) бөлу үшін әріптік таңбалау жасалынған, өңделетін тамақ өнімдеріне сәйкес жеке бөлшектеу мүкәммалдары (тақтайша, пышақтар) мақсаттарына қарай таңбаланған. Бөлшектеу мүкәммалдарын сақтау бөлек, арнайы бөлінген орында тікелей тиісті өндірістік үстелдерде қамтамасыз етілген. Мектеп асханасының үй жайлары азық-түлік шикізатының, дайын тағам өнімдерінің, пайдаланылған және таза ыдыстардың қарсы немесе тоғыспалы ағынын болдырмай қамтамасыз етілген. Асханада тамақ қалдықтарын сақтауға және шығаруға арналған контейнерлер көзделген, күнделікті шығарылады және жуылып тазаланып, дезинфекциаланады. Асханаға кіреберісте және қол жуатын раковина жанына қоқысқа арналған урна (шелек) қойылған.
. Мектеп асханасынан шығарылатын қалдықтар мектептің шаруашылық аумағында орнатылған қатты тұрмыстық қалдық тастайтын үш жағынан 1,5 метр биіктікте қоршалған, тазалау және дезинфекциялау үшін қолжетімді, астында су өткізбейтін төсемі бар, тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған қоқыс контейнері қарастырылған алаңды пайдалануға мектеп тарапынан рұқсат берілген. Асхана ауыз суы Алшалы ауылдық ауыз су жүйесімен орталықтандырылған. Нормалау құжаттарының белгіленген талаптарына сәйкес қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Сарқынды суы мектептің су өткізбейтін сыйымдылықтарында жиналады. Жылыту жүйесі мектептің жылыту жүйесіне қосылған. Жылыту жүйелерінің санитариялық-техникалық жағдайлары қанағаттанарлық, ақаусыз. Асхананың желдеткіші табиғи есік, терезе арқылы және механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарту желдеткіш жүйелерімен жабдықталған. Ауа өткізгіштер, торлар, желдеткіш камералары таза, механикалық зақымдары, тотығу іздері, герметикалығының бұзылуы жоқ. Желдету жүйелерінің санитариялық-техникалық жағдайлары қанағаттанарлық, ақаусыз. Терезелерде, желдету үшін ашылатын желкөздерде, москит торлары орнатылған. Асханада табиғи және жасанды жарықтандыру көзделген. Бір үй жайда бір типтегі шамдар қолданылады. Электрлік лампаларға плафондар орнатылған. Істен шыққан шамдар жоқ, жарық жүйелері ақаусыз. Жинау мүкәммалары (легендер, шелектер, жөкелер, шүберектер) мақсатына қарай әріппен таңбаланған жинау мүкәммалдары бөлінген. Жинау мүкәммалдарын сақтауға арнайы орын көзделген.